Павлодар облыстық көркемсурет музейі

Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description

Павлодар облыстық көркемсурет музейі 1964 жылы құрылды.Музейде көркемсурет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерінің үлкен жинағы көрсетілген. Музей қорында 5500-ден астам экспонат бар. Жинақтаманың ең маңызды бөлігі – Республиканың кәсіби өнерінің қалыптасуы, дамуын түпкілікті бейнелейтін Қазақстан суретшілерінің еңбектері (ХХ ғасырдың басында салынған Н.Г. Хлудовтың пейзаждары, оның шәкірттері А. Бортниковтың, Н. Соловьевтың, Қазақстанның тұңғыш халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы). Сонымен қатар музей жинағында 1930 – 40 жылдары Қазақстанда жұмыс істеген көрнекті шеберлердің шығармалары өз орнын тапқан (А. Черкасский, В. Эйферт, Л. Леонтьев, П. Зальцман, С. Калмыков және т. б.). 1960-70 жылдар – Қазақстанда мықты ұлттық мектептің қалыптасқан уақыты. Осы кезде А. Ғалымбаеваның, Қ. Телжановтың, А. Степановтың, С. Айтбаевтың, Г. Исмаилованың, Е. Сидоркиннің, Ж. Шарденовтың және т. б. суреттері жазылды. 1980-90 жылдарда белсенді жұмыс істеген суретшілердің (Е. Төлепбаев, К. Моллашев, А. Карпыков, Р. Хальфин және т.б.) шығармалары да қызықты. Музей қорында Павлодардың алдыңғы қатарлы кәсіби суретшілері – Қ. Баймолдиннің, М. Колмогоровтың, Ғ. Қаржасовтың, П. Лысенконың, В. Мартынцевтың, А. Бибиннің, А. Гулиннің, Ө. Шурановтың, Ә. Игембаевтың және тағы басқаларының жұмыстары жинақталған. Павлодарда 1919 жылдан 1929 жылға дейін тұрған белгілі орыс суретшісі В. П. Батуриннің (1863-1938) картиналары жинақтаманың мақтанышы болып табылады.

1990-2000 жылдардың басында Қазақстанның көркем өмірінің қазіргі үрдістерін бейнелей отырып, Павлодар облыстық көркемсурет музейі коллекциясын кеңейтіп, өз дамуын жалғастырып келеді.

Жыл сайын мұражай 20 экспозиция, көптеген көрмелер қояды. Бұл мұражай қорынан алынған тақырыптық топтамалар, павлодарлық суретшілердің жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М»Арт» жастар жобасының бағдарламалары, балалар суретінің коллекциясы, ТМД көшбасшы мұражайларының жиынтығынан көшпелі көрмелер. Мұражай қабырғаларында суретшілермен кездесулер, шеберлік-кластары, экскурсиялар, әдеби-көркемөнер және музыкалық кештер, тұсаукесерлер, бейнелеу өнері тарихы туралы бейнефильмдерді көрсету жүргізіледі. Көркемсурет салоны жұмыс жасайды.

Мұражай консультация беру және бағалау бойынша өз қызметін ұсынады, қалалық және облыстық білім мекемелерінің білім беру бағдарламаларына белсенді түрде қатысады.

Бұл мұражаймен Қазақстанның мұражайлары мен галереялары ғана емес, сондай-ақ Омбы, Новосібір мұражайлары, Британдық кеңес, Гете институты, «Сорос-Алматы» қазіргі заманғы өнер орталығы, «Ашық мұражай» халықаралық ассоциациясы, Ресей мұрайжайларының ассоциациясы бірге қызмет етеді.

Бір экспонаттың тарихы

Байланыс мәліметтері
Павлодар облыстық көркемсурет музейі
Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Торайғыров көшесі, 44/1
Музейдің электрондық поштасы: pvlmusei@mail.rupvlmusei@rambler.ru
Музей сайты: www.pavlodar-museum.kz
Байланыс телефоны: (7182) 53-58-11, 53-61-04
Тел./ факс:  (7182) 53-58-11
Жұмыс уақыты:10:00-18:00
Демалыс күні - дүйсенбі
Карта

Әдебиет

Павлодар облыстық көркемсурет музейі // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы. - 2013. – 562 б.

***

«Асыл анам» көрмесі ашылды: [аналар мерекесі қарсаңында облыстық көркемсурет музейінде "Асыл анам" балалар суреттерінің көрмесі ашылды] // Регион.kz. - 2013. - 1 наурыз. - 3 б.

Бықай, Ф. "Гайавата" алқасы, "Сыған бақыты", "Жазғы сарын": [облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық бір топ суретші әйелдердің көрмесі өтті] / Ф. Бықай // Егемен Қазақстан. - 2014. - 19 сәуір. - 20 б.

Бықай, Ф. "Күңгірт субұрқаққа" келіңіз!: [облыстық көркемсурет музейінде Франция фотосуретшілері қауымдастығының "Прованс-Қазақстан" атты фотокөрмесі ашылды] / Ф. Бықай // Егемен Қазақстан. - 2014. - 6 қыркүйек. - 7 б.

Бықай, Ф. Көркемдікті киізбен өрнектеген: [облыс орталығындағы көркем сурет музейінде суретші М. Ықыластың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған көрмесі өтуде] / Ф. Бықай // Егемен Қазақстан. - 2016. - 6 желтоқсан. - 16 б.

Есімханова, А. Суретшілер тілінде..: [облыс орталығындағы көркемсурет музейінде "Дәуір үні" атты көрме ашылды] / А. Есімханова // Сарыарқа самалы. - 2011. - 8 желтоқсан. - 3 б.

Молдайып, С. Көктем. Шуақ. Қылқалам: [облыстық көркемсурет музейінің көрме залында "Көктем келіп, жанға жылу береді..." атты павлодарлық суретші әйелдердің шығармашылық туындыларының көрмесі ашылды] / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2014. - 22наурыз. - 8 б.

Молдайып, С. Түнекте туған туындылар: [саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында облыстық көркемсурет музейінде суретшілер - В. Эйферт, Л. Брюммер, И. Тоқайдың музей қорындағы туындыларының көрмесі ашылды] / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2016. - 26 мамыр. - 20 б.

Нұрғамысова, Қ. "Армения өнері": [Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай "Армения өнері" атты көрме өтті] / Қ. Нұрғамисова // Мәдениет. - 2015. - № 4. - 48 - 50 б.

Нұрғамысова, Қ. Ғасырлық туындылар: [облыстық көркемсурет мұражайында "Ғасырлық туындылар" атты жоба ашылды] / Қ. Нұрғамысова // Мәдениет. - 2016. - № 8. - 38 - 40 б.

Өнерімен тәнті етпек: [ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді] // Сарыарқа самалы. - 2017. - 25 мамыр. - 9 б.

Сахаба, Т. Қартың - қазынаң: [облыстық көркемсурет музейінде "Қартың - қазынаң" атты фотоакция ұйымдастырылды] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. - 2014. - 27 қыркүйек. - 16 б.

Сахаба, Т. Момышұлы екі мектепке!: [Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облысымызда бірқатар білім беру мекемелері мен көшелерге Кеңес Одағы Батырларының есімі беріліп, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ескерткіш тақталар орнатылды] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. - 2015. - 7 мамыр. - 3 б.

Сахаба, Т. "Халқымның тарихы": [Павлодар облыстық көркемсурет музейінде мерейтойлық көрме байқауы өтті] / Т. Сахаба // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 21 - 27 тамыз (№ 32). - 7 б.

Түгелбай, Г. Қос халықтың өнерін ұштастыра білген ақын: [Павлодар облыстық көркемсурет музейінде ақын П. Васильевтің туғанына 100 жыл толуына орай П. Васильев атындағы кітапхана көрме ұйымдастырды] / Г. Түгелбай // Сарыарқа самалы. - 2009. - 8 желтоқсан. - 2 б.

Хашымқызы, Қ. Суреттер сөйлейді: [облыстық көркемсурет музейінде Абай Құнанбаевтың 170 жылына орай "Ақынмен серуен" атты көрме ашылды] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2015. - 10 қыркүйек. - 20 б.

Хашымқызы, Қ. Сырлы суреттер: [Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық көркемсурет музейінде ұйымдастырылған шараға фотограф А. Пархоменконың 30-ға жуық туындысы қойылды] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2016. - 20 қазан. - 20 б.

Хашымқызы, Қ. Сыры көп суреттер: [облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық 30 суретшілердің көрмесі өтті] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2017. - 26 қаңтар. - 20 б.

Хашымқызы, Қ. "Туған жерім - Қазақстан": [дәл осындай атаумен облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2017. - 21 қаңтар. - 12 б.

Яндекс.Метрика