Алғы сөз

Павлодар

Павлодар облысы 2018 жылы өзінің 80 жылдығын атап өтеді. Ертістің Павлодар өңірі – тарихы тереңде жатқан, Қазақстанның аса ірі өнеркәсіптік және білім беру орталықтарының бірі.

Павлодар өңірінде өлкетану ісі ертеден дамыған. Өлкенің тарихы мен мәдениетін зерделеуге И.Андреев, М.Шорманов, Г.Потанин, Н.Коншин, Ә.Бөкейханов және басқа зерттеушілер қатысты. Осы зерттеушілердің жұмысы өңірде өлкетанушылық зерттеуді кейін дамыту үшін іргетас қалады. Өлке тарихында мәдениетіміз бен әдебиетімізде ерекше орын алатын Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров жарқын із қалдырды.

Музей ісінің облыста өзіндік тарихы бар және ол мәдениет саласында ерекше орын алады.

Павлодар қаласында музей ісінің дамуы еліміздің мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық өркендеу жағдайымен байланысты болды. Павлодар– музейлер желісін ашудың мол тәжірибесін жинақтаған аздаған қаланың бірі, 335 185 мың (қаңтар 2016 ж.) халқы бар қала үшін музейлер саны жеткілікті. Алғашқы музейлердің тарихи-саяси құндылығы зор. Олар: облыстық Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі және облыстық көркемсурет музейі. Бұлардың соңғысы республикалық Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері музейінен кейінгі екінші музей. Бұл музейлердің қорында ғажайып жәдігерлер жинақталған және өзіндік ашылу тарихы бар деп айтуға болады.

Осы электронды энциклопедиялық құрал «Павлодар қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында орналастырылды.

Оның негізгі мақсаты:

- Павлодар қаласындағы музейлер туралы электронды құрал жасау;

- халыққа тарихи білім беру, кітап оқуға, тарих, мәдениет және тарихи мұраға қызығушылықты арттыру;

- «Кіші» Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, Павлодар қаласының рухани құндылықтарына тарту;

- өткендегілерге қатысты болу сезімін ояту.

Музейлер туралы мақалаларға шағын ақпараттар, әдебиеттер тізімі қоса берілді, музей сипаттамасының соңында интернет сайттың сілтемесі келтіріледі, әрбір мақалаға фотосурет ілесе беріледі.

Электронды энциклопедиялық құралды дайындау кезінде анықтамалық және энциклопедиялық басылымдар, интернет материалдары, «Ертістің Павлодар өңірі» деректер базасы, Павлодар қ. П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапхананың өлкетану картотекасы пайдаланылды.

Электронды құрал мынадай бөлімдерден тұрады:
Павлодар қаласындағы музейлер тарихы
Павлодар қаласының музейлері
Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі
Павлодар облыстық көркемсурет музейі
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы
Павел Васильевтің музей-үйі
Д. П. Багаевтың музей-үйі
Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражай үйі
Шафердің музей-үйі
А. И. Цветаеваның музейі
Әскери Даңқ музейі

Бір экспонаттың тарихы дербес бөлімі жеке берілді. Одан оның тарихынан өзгеше әрі қызықты жайт туралы ақпаратты табуға болады.

Яндекс.Метрика