Әскери Даңқ музейі

Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description

Әскери Даңқ музейі 2011 жылы Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихи-өлкетану бөлімі ретінде құрылды.

Музейде Ұлы Отан соғысының оқиғалары көрсетіледі. Ғасырлар бойы мыңдаған соғыс өрті лапылдап, сол ұрыстардың ішіндегі ең сұрапыл, ең қатал болғаны Ұлы Отан соғысы.  Ана жарын жоғалтып - жесір, бала ата – анасынан айырылып - жетім атанып, фашистердің тұтқын лагерлерінде қаншама адам азапталды. Сұрапыл соғыста қасық қаны қалғанша майданнан еліне қайтпай қалған боздақтар қаншама!  

Біздің музейімізде соғыс тарихына саяхат жасап, сол замандағы қару жарақты,фотосуреттер мен суреттерді, медаль мен ордендерді, сарбаздардың хаттарын, жеке заттарын көруге болады.    

Музейімізде белсенді азаматтарымыздың әрекеттеріне қорытынды жасалып, соғыс тақырыбына арналған «Жеңіс туын желбіреткен Ә. Баймолдин», «Майданның естелік газеттері», «Елінің айбатты сарбазы», «Майдандағы қыздардың ерліктері» естелік кештері, «Ердің ерлігі ұмытылмас!», «Сен, мәңгі естесін, жауынгер!», «Сұрапыл соғыс қасіреті»  көрмелері, «Естелік шырағы» митингі,  «Мәңгі есте сақталады!» акциясы, тақырыптық конференциялар, семинарлар, ақпараттық концерттер, дәрістер өткізіліп, экспозициялар жаңартылады.

2009 жылы бастау алған «Майдан жолы» ізденіс экспедициясы  жыл сайын ұйымдастырылады. Ай сайын даңқты жерлестеріміз жайлы  «Өлкеміздің әскери тарихы беттерінен» атты радиохабарлама беріледі.

Мектеп оқушыларына арналған  ғылыми зерттеу жұмыстарына қажетті кеңестер беріліп, «Музей әлемі» сабағы өткізіледі. Бұл әдістемелерді оқушылардың соғыс тақырыбындағы дүниетанымын кеңейту үшін тарих сабағында қолдану мүмкіндігі бар.

Бір экспонаттың тарихы

Байланыс мәліметтері Әскери Даңқ музейі
Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Мира көшесі, 40/1
Музейдің электрондық поштасы: рavl_mvs@mail.ru
Байланыс телефоны: (7182)62-13-94
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00 (дүйсенбі – жексенбі)
Үзіліссіз
Карта

Әдебиет

Сахаба, Т. Күтусіз қалған ескерткіш: [Павлодар қаласындағы Әскери Даңқ музейі туралы] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. - 2014. - 12 сәуір. - 3 б.

Сахаба, Т. Соғыс жылдарынан сыр шертеді: [Павлодардағы Әскери Даңқ музейінде Ұлы Отан соғысында қаза болғандар мен хабарсыз кеткен жауынгер жерлестерімізге арналған "Сен мәңгі естесің, сарбаз" атты құжаттар көрмесі ұйымдастырылды] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. - 2014. - 8 мамыр. - 3 б.

Яндекс.Метрика