Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы

Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description

1992 жылы 22 наурызда бірегей ғимаратта Бұқар атындағы әдебиет және өнер мұражайы ашылды. Жаңа мұражай қала тұрғындарының көрнекті жерлесі, ақын және 18 ғасырдың ойшылы, аты аңызға айналған Абылай ханның жеке кеңесшісі мен көмекшісі Бұқар жырау есімімен аталды

Музейдің орналасқан үйі ескі сәулет бойынша 1897 жылы салынған, айшықты оюлармен көмкерілген Қазақстандағы ағаш сәулет өнерінің ең әдемі ескерткіші болып табылады. Мейлінше көрікті ағаш үй.

Музей экспозициясы 7 (жеті) залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы. Қазіргі кезде музейде 49 мыңнан астам экспонат бар. Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Всеволод Иванов, Антон Сорокин, Қошке Кемеңгеров, Қадыр Тайшықов, Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Зейін Шашкин, Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғұлан, Рамазан Тоқтаров, Аманжол Шәмкенов, Қалмұқан Исабаев, Мүбәрак Жаманбалинов, Сәбит Дөнентаев т.б. ақын-жазушылардың, Жаяу Мұса, Естай Беркімбаев, Майра Шамсутдинова, Жұмат Шанин, Қамар Қасымов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Қуат Әбусейітов, Суат Әбусейітов, Қали Байжанов т.б. өнер майталмандарының жеке заттары, жәдігерлері мен қолжазбалары, өздері жасаған заттары музейдің баға жетпес құнды қазыналары болып табылады.

Өз экспонаттары негізінде музей Баянауыл ауданында Жұмат Шаниннің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Жаяу Мұса Байжановтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұражайларын, Ақтоғай ауданында Естай Беркімбаевтің, Шарбақты ауданында Мұзафар Әлімбаевтың, Ертіс ауданында Иса Байзақовтың мұражайларын ашты. Музей қызметкерлерінің күшімен М.Ж. Көпеев атындағы орталық мешіт пен қаланың орта мектептерінде (№ 7, 4, 41, 42 ОМ) ислам діні тарихы мұражайы ашылды.

Жерлес ақын-жазушылардың, композиторлар мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын таныту және насихаттау мақсатында музейде кездесу, шығармашылық және демалыс кештері, өлең оқушылар мен ән орындаушылардың облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулары өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, қалалық «Махаббат жыры» поэтикалық және прозалық шеберлік байқауы, Есентай Ерботинді еске алуға арналған қалалық байқауын өткізу дәстүрге айналған. Музейде «Балалар үйі», «Музей күні» бағдарламалары сәтті жұмыс істеп, «Жауқазын», «Атамекен», «Таным» қазақ халқы салт-дәстүрлерін насихаттау жөніндегі дәрістер өткізіледі.

Жыл сайын музейді 32 мың келуші тамашаласа, 110-нан астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 музейге шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі.

Музей қызметкерлері насихат жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді. Барлық ғылыми қызметкерлер екі тілде бірдей дәріс оқып, экскурсияларды да екі тілде қатар өткізуде. Сонымен қатар дарынды ақын-жазушыларды, өнер қайраткерлерін бұқара халыққа кеңінен насихаттау мақсатымен олар туралы мерзімді баспасөзде танымдық мақалалар жазып, теле-радиохабарлар беріп келеді.

Ресми делегациялар, қала мен облыс қонақтары музейге жиі келеді. Франция, Индия, Венгрия, Польша мемлекеттерінің елшілері, Жапония елшілігінің атташесі, Австрия, АҚШ, Қытай, Германия мен Польша елдерінен келген бизнесмендер музейді көріп, таң-тамаша болды.

Бір экспонаттын тарихы

Байланыс мәліметтері Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы
Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Ак. Марғұлан көшесі, 97-үй
Музейдің электрондық поштасы: litmuseum@mail.ru
Байланыс телефоны: (7182) 32-01-24, 32-41-87, 32-32-88.
Жұмыс уақыты: 09.00 - 18.00
Үзіліссіз, Демалыссыз
Карта

Әдебиет

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 568 - 569 б.

***
Алақанұлы, А. Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат: [Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің 20 жылдығына орай] / А. Алақанұлы // Сарыарқа самалы. - 2012. - 17 мамыр. - 7 б.

Амантайұлы, А. "Алаш туы астында...": [Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде "Бір ел - бір кітап" акциясының қорытындысына байланысты әдеби кеш болып өтті] / А. Амантайұлы // Сарыарқа самалы. - 2017. - 6 сәуір. - 6 б.

Бықай, Ф. "Балдырған" қанат қақты: [Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында балаларға арналған жергілікті ақындардың "Балдырған" атты өлеңдер жинағы шықты] / Ф. Бықай // Егемен Қазақстан. - 2012. - 18 мамыр. - 8 б.

"Біздің Елбасы - Наш Лидер" көрмесі ашылды: [Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "Біздің Елбасы - Наш Лидер" көрмесі ашылды] // Регион.kz. - 2012. - 30 қараша. - 2 б.

Есімханова, А. Қаламгердің есімі құрметтелді: [Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде ҚР мәдениет қайраткері, өлкетанушы, өнер зерттеушісі, журналист Айтжан Бәделхановтың құрметіне арналған экспозициясының тұсауы кесілді] / А. Есімханова // Сарыарқа самалы. - 2011. - 21 мамыр. - 7 б.

Есімханова, А. "Достоевский" "Бұқар жырауға" келді: [Семей қаласындағы Ф. Достоевский атындағы әдеби мемориалдық музейінің ұжымы жергілікті Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне шығармашылық сапармен келді] / А. Есімханова // Сарыарқа самалы. - 2013. - 26 ақпан. - 3 б.

Жайықбаев, Н. Жай оғындай атылған..: [Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде Ертістің Павлодар өңірінен шыққан майдангер-жазушыларға көрме ұйымдастырылды] / Н. Жайықбаев // Сарыарқа самалы. - 2015. - 7 мамыр. - 24 б.

Жұматов, Ғ. Әдебиеттің күйін күйттеп..: [Павлодар қаласындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы туралы] / Ғ. Жұматов // Шаһар. - 2010. - 21 қазан. - 6 б.

Жұматов, Ғ. Ұлтжандылығымен танылған еді: Бұқар жырау музейінің 20 жылдығына орай / Ғ. Жұматов // Шаһар. - 2012. - 15 маусым. - 5 б.

Игібаева, Р. "Мәдени мұра - ел байлығы": [Павлодар қаласының Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейдің директоры Р. Игібаевамен әңгіме] / әңгімелескен Т. Оразалы / Р. Игібаева // Сарыарқа самалы. - 2007. - 22 наурыз. - 10 - 11 б.

Игібаева, Р. "Азат басың болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл" қағидасын ұстанамын..: ["Мәдениет қайраткері" белгісінің иегері, облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Р. Е. Игібаевамен сұхбат] / әңгімелескен Г. Түгелбай // Сарыарқа самалы. - 2009. - 5 ақпан. - 4 - 5 б.

Игібаева, Р. Е. Жаңашылдыққа жетелеген жыл: [Павлодар қаласындағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының директоры Р. Е. Игібаевамен Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мерекесіне атқарылған жұмыстар жайлы әңгіме] / әңгімелескен Ғ. Жұматов / Р. Е. Игібаева // Шаһар. - 2011. - 23 желтоқсан. - 5 б.

Қабылденова, Қ. Өткеннен ұлағат: [22-наурыз - Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы салтанатты түрде ашылды] / Қ. Қабылденова // Регион.kz. - 2012. - 17 мая. - 6 б.

Қайыров, Е. Өткен күннен бір белгі: [жазушы Ж. Аймауытовтың қызы М. Ж. Аймауытова Павлодардағы Бұқар жырау атындағы музейіне әкесінің жеке заттарын тапсырған болатын] / Е. Қайыров // Сарыарқа самалы. - 2014. - 16 қыркүйек. - 7 б.

Мархаба, Т. "Ғайып ғұмыр": [облыс орталығындағы "Достық" концерт залында Бұқар жырау атындағы өнер және әдебиет музейінің ғылыми қызметкері Е. Қайыровтың "Ғайып ғұмыр" атты шығармалар жинағының тұсаукесері болып өтті] / Т. Мархаба // Сарыарқа самалы. - 2014. - 29 сәуір. - 4 б.

Молдайып, С. Тарих таңбасы: Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің ашылғанына 25 жыл / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2017. - 12 қаңтар. - 14 б.

Сахаба, Т. "... Халық - менің шын атым": [Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Ж. Аймауытов атындағы театрда ақын Ж. Жабаевтың туғанына 170 жылына орай кеш өтті] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. - 2016. - 1 наурыз. - 1 б.

Түгелбай, Г. "Қалауын тапса, қар жанар": [Павлодар қаласындағы облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі туралы] / Г. Түгелбай // Сарыарқа самалы. - 2010. - 16 қыркүйек . - 5 б.

Хашымқызы, Қ. Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген..: [қолөнерші М. Сыдықов Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде шеберлік сабағын өткізді] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2016. - 20 ақпан. - 12 б.

Хонж, А. Тарих. Таным. Болашақ: [Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің құрылғанына - 25 жыл] / А. Хонж // Сарыарқа самалы. - 2017. - 23 мамыр. - 8 б.

Шәріпханов, Е. "Асыл мұра - әсем ән": [Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Ж. Аймауытов атындағы театрда әнші М. Шамсутдинованың 125 жылына орай кеш өткізді] / Е. Шәріпханов // Сарыарқа самалы. - 2015. - 19 наурыз. - 12 б.

Яндекс.Метрика