Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі

Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description

Музейдің негізгі экспозициясы сәулет ескерткіші болып табылатын Ленин көшесіндегі ғимаратында орналасқан. 1890 жылдары салынған. Мұнда бірінші гильдия көпесі А. Деровтың сауда үйлері орналасқан. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратында орналасқан.

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі "Қазақстанды зерттеу қоғамының" облыстық бөлімшесі негізінде 1942 жылы құрылған. 1959 жылы оған саяхатшы, Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин аты берілді. Музейдің негізін қалаған фотограф, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев. Музей экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 10 залда орналасқан. Ғылыми кітапхана, үш филиал: Д. П. Багаевтың мұражай-үйі,  Майра Шамсутдинова атындағы ән өнер шығармашылығы музей-үйі, Әскери Даңк музейі жұмыс істейді.

Музей қоры музей қызметінің ғылыми көрсеткіші және ерекше мақтанышы болып табылады. Музей қорының топтамасы жылдан жылға көбейіп, олардың ғылыми өңдеуі жетілдіруде. Музей қорында 105 мыңнан астам негізгі қорға жататын экспонаттары бар.

Қормен жұмыс негізінде ғылыми каталогтар шығарылды: «Музей қорындағы фотограф Д. П. Багаевтің суреттер жинағы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейінің XIX-XX ғ.ғ зерлерлік бұйымдар жинағы», «Қор жинағының құжаттары. Григорий Николаевич Потанин», «Музей қорындағы сыйлыққа берілген, сирек басылымдар, қолжазба әдебиеттер жинағы», «Павлодар тарихи-өлкетану музейінің археологиялық жинағы», «Павлодар облысының аудан музейлеріндегі сирек және құнды экспонаттары»

Музей жинақтарының негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, фотосуреттік, құжаттық, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару-жарақтар топтамалары құрайды.

Дәрістік және экскурсиялық жұмысымен қатар музей республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер ұйымдастырады.

Жыл сайын Халықаралық Музей күніне орай «Музей түні» жобасы аясында ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық және аймақтық семинарлар, «Потанин оқулары» шебер-кластар, өлкетану сабақтары, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер ұйымдастырылады.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі Ертістің Павлодар өңірін зерттеу бойынша археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізеді. Экспедиция кезінде табылған заттар зерттеліп, көрмеге қойылуға дайындалады.

Бір экспонаттың тарихы

Байланыс мәліметтері
Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі
Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Ленин көшесі, 149
Музейдің электрондық поштасы: pavl_muzei@mail.ru
Музей сайты:  www.pavlkraimuz.kz
Байланыс телефоны: 8(7182)61-81-36
Экскурсиялық қызмет көрсету үшін тапсырыс беру телефоны: (7182) 61-81-59
Жұмыс уақыты: 10:00 -18:00
Демалыс күні - дүйсенбі
Карта

Әдебиет

Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 533 б.

Амантай, М. Мүмкіндік мол: [Халықаралық туризм күнге орай Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Павлодар облысының маржандары" атты кеш өтті] / М. Амантай // Сарыарқа самалы. - 2016. - 27 қыркүйек. - 3 б.

Әділбек, А. Сыр шертеді жәдігерлер талайғы ..: 18 мамыр - Халықаралық музейлер күні / А. Әділбек // Сарыарқа самалы. - 2014. - 17 мамыр. - 12 б.

Әділбек, А. Тарих беттері парақталды: [Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде облыстық "Звезда Прииртышья" газетінің 95 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті] / А. Әділбек // Сарыарқа самалы. - 2013. - 18 сәуір. - 24 б.

Әділбек, А. Түнгі музейге саяхат: [18 мамыр - халықаралық музей күніне орай Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Музей түні" атты бірегей шара ұйымдастырылды] / А. Әділбек // Сарыарқа самалы. - 2013. - 21 мамыр. - 12 б.

Байболова, Д. Малайсары батырдың сауыты: [Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі Малайсары батырдың сауыты] / Д. Байболова// Сарыарқа самалы. - 2016. - 13 тамыз. - 4 б.

Байбуранов, Д. Б. Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы / Д. Б. Байбуранов // Новое время. - 2016. - 28 апр. - С. 5.

Бықай, Ф. Өлке шежіресін өрнектеген: [Екібастұз тарихи-өлкетану музейі туралы] / Ф. Бықай // Егемен Қазақстан. - 2017. - 19 мамыр. - 12 б.

Есімханова, А. Елім деп еміренген ерлер ерлігі - ұрпақ жадында: [Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Біздің жерлесіміздің ерлігі" атты көшпелі көрмесі Ұлы Отан соғысының батыры Ә. Баймолдіннің туған жерінде болды] / А. Есімханова // Сарыарқа самалы. - 2013. - 31 қаңтар. - 3 б.

Исламұлы, Б. Музей - рухани мұра ордасы: [Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Б. Исламұлымен сұхбат] / сұхбаттасқан Н. Шодыр / Б. Исламұлы // Сарыарқа самалы. - 2003. - 7 қазан. - 8 б.

Қасенова, Т. Қ. Тарихи жәдігер: [ҚР Ұлттық музейіндегі құнды жәдігерлердің бірі - "Алтын адам" Потанин атындағы музейінде жұртшылығы назарына ұсынылды] / Т. Қ. Қасенова // Ардагер-Ветеран. - 2016. - 22 қыркүйек. - 2 б.

Қожанов, О. Зұлмат жылдар жаңғырығы: [31 мамыр "Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне" Г. Н. Потанин атындағы тарихи өлкетану мұражайында көрме ұйымдастырылды] / О. Қожанов // Сарыарқа самалы. - 2014. - 7 маусым. - 5 б.

Қуанышева, А. "Ата Заңым - ардағым!": [ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына орай Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрме өтті] / А. Қуанышева // Сарыарқа самалы. - 2015. - 22 тамыз. - 12 б.

Молдайып, С. "... Саятшы, аң құтқармас біткен өнер": [Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи өлкетану музейінде облысқа есімі танымал аңшы-саятшы Мәуия Әбікеевтің туғанына 105 жыл толуына орай аңшылық көрме ұйымдастырылды] / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2005. - 15 қазан. - 4 б.

Молдайып, С. Жәдігерге "жан біткенде": [18 мамыр - халықаралық музей күніне орай Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Музей түні" атты бірегей шара ұйымдастырылды] / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2016. - 19 мамыр. - 20 б.

Музей күніндегі музей түні: [Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық музей күніне арналған "Музей түні" атты театрланған көрініс өтті] // Шаһар. - 2014. - 21 мамыр. - 3 б.

Нұрахметова, Г. Ғасырлар аманатын арқалап..: Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейіне - 70 жыл! / Г. Нұрахметова // Сарыарқа самалы. - 2012. - 8 желтоқсан. - 4 б.

Нұрахметова, Г. Мәдени байланыстың арнасы кеңеюде: [Халықаралық музейлер күніне орай Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Г. Нұрахметовамен әңгіме] / Г. Нұрахметова // Сарыарқа самалы. - 2016. - 17 мамыр. - 4 б.

Нұрахметова, Г. Өлке тарихының айнасы: [Павлодар облысының мұражайлары туралы] / Г. Нұрахметова // Мәдени мұра. - 2011. - № 4 (шілде - тамыз). - 39 - 46 б.

Нұрахметова, Г. Өлке тарихының ордасы: [Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейі туралы] / Г. Нұрахметова // Сарыарқа самалы. - 2013. - 28 қыркүйек. - 6 б.

Оқасова, Б. Фотошежіреші: [Дмитрий Поликарпович Багаевтың туғанына - 130 жыл] / Б. Оқасова // Сарыарқа самалы. - 2014. - 22 шілде. - 12 б.

Рымтай, А. "Әлем - балалардың көзімен": [Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде балалардың қолданбалы өнер жұмыстарының көрмесі ашылды] / А. Рымтай // Сарыарқа самалы. - 2014. - 7 маусым. - 12 б.

Сахаба, Т. Жәдігерлер сөйлегенде..: [ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Қазақстан археологиясы" атты тарихи ескерткіштер көрмесі ашылды] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. - 2016. - 5 сәуір. - 8 б.

Сахаба, Т. Ұлттық зергерлік бұйымдар: [облыстық Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде 400-ден астам зергерлік бұйым сақталған] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. - 2013. - 30 шілде. - 16 б.

Смағұл, А. Ұстазға тағзым: [облыстық Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде КСРО және Қазақ КСР оқу-ағарту саласының үздігі, көрнекті қоғам қайраткері Р. Я.Нұралинаның 90 жылдығына орай кеш өтті] / А. Смағұл // Сарыарқа самалы. - 2017. - 2 ақпан. - 12 б.

Тауқызы, С. Жәдігерге "жан біткенде": [Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Музей түні" өтті] / С. Тауқызы // Сарыарқа самалы. - 2015. - 28 мамыр. - 20 б.

Хашымқызы, Қ. Бір нәзік сезім..: [Г. Потанин атындағы облыстық тарихи- өлкетану музейінде ұлы композитор, "вальс королі" Ш. Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2015. - 27 қазан. - 8 б.

Хашымқызы, Қ. Бірігудің соңы бүліну емес: [Үкіметтің селекторлық отырысында берілген тапсырма бойынша облыс музейлерінде біраз өзгерістер туралы Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы А. Сәрсенбаеваның журналистармен кездесуі өтті] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2015. - 29 қазан. - 5 б.

Хашымқызы, Қ. Моншақ һәм Виктория: [Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде павлодарлық қолөнер шебері В. Сұлтанованың көрмесі өтті] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2017. - 25 ақпан. - 20 б.

Хашымқызы, Қ. "Музей түні": [Халықаралық музей күніне "Қоянды жармеңкесінен ЭКСПО-ға дейін" деген атаумен Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Музей түні"ұйымдастырылды] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2017. - 23 мамыр. - 8 б.

Хашымқызы, Қ. Өнегесі зор өнер: [Г. Потанин атындағы облыстық тарихи- өлкетану музейінде қолөнерші Г. Әлинова жастарға жүннен бұйымның жасалу жолын кеңірек таныстырды] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2016. - 10 наурыз. - 20 б.

Хашымқызы, Қ. Тәуелсіздіктің алтын алқасы: [ҚР Ұлттық музейіндегі құнды жәдігерлердің бірі - "Алтын адам" Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде жұртшылығы назарына ұсынылады] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2016. - 3 қыркүйек. - 12 б.

Шамсутдинова, М. "Кереку Баянауыл қазыналары киелі Түркістан жерінде": [Түркістан қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен "Кереку-Баянауыл қазыналары" атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті] / М. Шамсутдинова // Шаһар. - 2012. - 4 мамыр. - 4 б/

"Шамшырақ гауһарымның асылысың": [Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде атақты әнші-сазгер, ақын, палуан Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына 150 жыл толуына орай көрме ашылды] // Сарыарқа самалы. - 2013. - 12 наурыз. - 4 б.

Шодыр, Н. "Батырларға мәңгі тағзым!": [Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық "Сарыарқа самалы" газеті жыл басынан бері "Ертіс бойының Ерлері" атты арнайы жобаны жарыққа шығарып облыстық Г. И. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп шара өткізді] / Н. Шодыр // Сарыарқа самалы. - 2015. - 28 қараша. - 8 - 9 б.

Яндекс.Метрика