Д.П. Багаевтың музей-үйі
Д.П.Багаевтың музей-үйі Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы болып табылады, 2001 жылы 30 қаңтарда ашылған.
Экспозиция үш бөлмеде және XX ғасырдың басында үйге қосыла салынған 2001 жылы қалпына келтірілген фотопавильонда орналасқан. Музей үйінің өзі XIX ғасырдың соңындағы мещан тұрмысының тарих және сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Музей Павлодар қаласындағы және Қазақстан Республикасындағы фотограф-суретшіні есте ұстауға арналған жалғыз музей болып келеді.
Бұл үйде Д.П.Багаев өзінің шығармашылығы басталған 1905 жылдан бастап, өмірінің соңғы күніне (1958) дейін тұрды.
Музейдің концепциясына қарай, музей қызметкерлерінің негізгі міндеті: Д.П.Багаевты есте ұстау, экспозиция мен экспонаттарды тәртіпте ұстау, оның шығармашылығы мен өмірі жайында жаңа деректерді іздеп табу және оларды насихаттау.
Сонымен бірге басқа музейлермен мәдени байланыс ұстап, қазіргі замандағы фотосуретшілермен бірлесіп, олармен қызмет жасалып жатыр. Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы – Д.П. Багаев туралы жүргізген жаңа және белгісіз ақпараттарды іздестіру, жинау жұмыстарының нәтижесі. Оның әр жылдағы мұрасы, фотография жинақтары зерттеліп, келесі дәрістер мен көрмеге дайындық барысында жарияланды.
Д.П.Багаевтың мұраларын танымал ету мақсатында қазіргі заман фотографтарының шығармашылығы зерттеліп, олармен байланыс орнатылып, олардың көрмелерінің презентацияларына пресс-релиз, сценарийлер әзірленеді. Бұл жұмыс Қазақстандағы жалғыз фотограф музейі – Д.П.Багаевтың музей-үйімен және шебердің талантты ізбасарлары – заманауи фотоөнер өкілдерімен келушілерді таныстыру мақсатында жүргізіледі.
Байланыс мәліметтері
Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Ленин көшесі, 200
Музейдің электрондық поштасы: pavl_muzei@mail.ru, bagayev01@mail.ru
Музей сайты: www.pavlkraimuz.kz
Байланыс телефоны: (7182) 61-88-19
Жұмыс уақыты: с 9:00 до 18:00
Демалыс күні - дүйсенбі
Әдебиет
Багаев мұражай-үйі // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 210 - 211 б.
Дмитрий Поликарпович Багаев: [өлкеміздің белгілі фотосуретшісі Д. П. Багаев жайлы] // Сарыарқа самалы. - 2015. - 24 қаңтар. - 6 б.
Есімханова, А. Фото деген сиқыр бар..: [облыс орталығындағы Д. Бағаев атындағы мұражай-үйінде фототілші Р. Исабековтің жеке көрмесі ашылды] / А. Есімханова // Сарыарқа самалы. - 2014. - 16 қаңтар. - 20 б.
Нұрахметова, Г. Өлке тарихының айнасы: [Павлодар облысының мұражайлары: Г. Н. Потанин атындағы мұражайы; Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармалық музей үйі; Д. Багаевтың мұражай-үйі] / Г. Нұрахметова // Мәдени мұра. - 2011. - № 4 (шілде - тамыз). - 39 - 46 б.
Оқасова, Б. Суреттер сөйлегенде: [Павлодар қаласындағы Д. Багаевтың музей-үйі] / Б. Оқасова // Сарыарқа самалы. - 2014. - 21 тамыз. - 24 б.
Оқасова, Б. Фотошежіреші: [Дмитрий Поликарпович Багаевтың туғанына - 130 жыл] / Б. Оқасова // Сарыарқа самалы. - 2014. - 22 шілде. - 12 б.
Хашымқызы, Қ. Сыр бүккен суреттер: Фотошежіресі Д. Багаевты еске алу шарасы өтті / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2014. - 30 шілде. - 20 б.
Хашымқызы, Қ. Сыры көп суреттер: [Д. Бағаевтың музей-үйінде павлодарлық кәсіби фотосуретшілер - ағайынды Вл., В. Бугаевтар мен А. Пархоменконың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай фотокөрмесі ашылды] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2016. - 22 желтоқсан. - 24 б.