Анастасия Цветаева музейі

Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description

2013 жылы облыстық Достық үйінің славян мәдениеті орталығында ТМД елдерінде алғашқы болып белгілі ақын Марина Цветаеваның апасы, орыс жазушысы Анастасия Цветаеваның музейі ашылды.

Анастасия Ивановна сталиндік қудалау жылдарында Сібірге жер аударылғаннан кейін Павлодарға көшіп келді. Осында жер аударылғаннан кейін оның ұлы Андрей де тұрды. А.Цветаева Москваға оралғаннан кейін де бүгінге дейін біздің қалада тұратын немересіне бірнеше рет келді.

А.Цветаеваның өмірі мен творчествосының осы кезеңі оның «Воспоминания» кітабында жазылған. Сондықтан Павлодардағы жазушы тұрған үйдің сақталуы таң қалатын нәрсе емес, оны білетін және ұмытпаған, апалы-сіңлілі Цветаевалардың творчествосын бағалайтын адамдар бар. Соның бірі – павлодарлық ақын, әдебиеттанушы, журналист Ольга Григорьева. Ол өзімен пікірлестермен бірге цветаевтық орындарды аралау кезінде жиналған жәдігерлер негізінде Павлодарда Анастасия Цветаеваның музейін ашуды шешті.

Достық үйінде бір бөлме бөлініп, оған жазушының кітаптары мен суреттері, жеке заттары қойылды. Ашылу салтанатына Анастасияның немересі Геннадий Зеленин, оны білетіндер мен әдебиетті сүйетіндер келді. Музей қоры жыл сайын жәдігерлермен толықтырылуда.

А.Цветаеваның музейінде оқырмандар конференциялары, жазушы шығармаларын тыңдау, басқа да әдеби шаралар өткізіліп тұрады.

Жыл сайын «Цветаева костері» өткізіледі. Мұнда келушілер, әсіресе жастар көбейе түсуде. Олар әдебиетшілердің творчествосымен танысып, өлеңдер мен әндерді тыңдайды, рухани білімін толықтырады. Алматы, Қарағанды, Омбы, Новосибирь және Кемер облыстарынан әдебиетшілер, ғалымдар, бард әншілер және ақындар келіп, шаралар халықаралық сипат алады. Акцияның бастамашысы және ұйымдастырушысы павлодарлық ақын, журналист, апалы-сіңлілі Цветаевалардың творчествосын зерттеуші Ольга Григорьева.

Бір экспонаттың тарихы

Байланыс мәліметтері Павлодар қаласының «Славян мәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігіндегі А. И. Цветаеваның музейі
Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., 1 Май көшесі, 35/1, 303 офис
Музейдің электрондық поштасы: pavl_muzei@mail.ru
Музей сайты: www.slavcentr.kz
Байланыс телефоны: (7182) 62-89-26
Жұмыс уақыты: с 10:00 до 18:00
Демалыс күні - дүйсенбі
Карта

Әдебиет

А. Цветаеваның мұражайы // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 718 б.

Мұражай қоры құнды экспонаттармен толықты: Орыс жазушысы Анастасия Цветаеваның (1894 - 1993) Павлодар қоғамдық мұражайының қоры құнды экспонаттармен толықты // Шаһар.- 2013.- 8 наурыз. - 2 б.

Яндекс.Метрика