Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражай үйі

Image Description
Image Description
Image Description
Image Description
Image Description

Майраның әншілік өнерін халыққа насихаттау мақсатында 2001 жылдың 30 қаңтарында Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық музей үйі, Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде ашылды. XX ғасырдың басындағы белгілі көпес Абдул Фатах Рамазановтың  1900 жылы салынған ғимараты. Бұл ғимарат қазіргі танда  архитектуралық ескерткіш ретінде саналады.

Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музей үйінің негізгі мақсаты: Майраның өмірі мен шығармашылығы жайында жаңа мәліметтер мен тереңірек зерттеу жұмыстарын жүргізу.  Музей үйіне келуші көрермендерді XX ғасырдың әйгілі әншілерінің бірі композитор Майра Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығы жөнінде таныстыру. Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музей үйі өлкемізден шыққан белгілі композиторлар мен ақын, жазушылардың шығармашылық кештерін өткізу болып табылады.  

Музей екі экспозициялық залдан тұрады. Экспозицияда Майраның өмірі мен шығармашылығын көрсететін фотолар мен құжаттар көрсетілген. Майра Шамсутдинованың тұрмыста өзі пайдаланған заттары қойылған. Майраның замандастарының фото құжаттары және тұрмыстық заттары көрсетілген.

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова Ертіс елінен шыққан халқымыздың асыл қызы, ән өнерінің шоқ жұлдыздарының бірі, асқан дарынды, әнші-композитор.

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова 1890 жылы Ертіс елінде дүниеге келген. Әкесі татар Уәли, шешесі қазақ Қатира деген кісі болған. Әншілік өнерге 13 жасынан бастап ден қойған. Ол әнді сырнаймен айтқан. Майра өзінің өнерін Баянауыл, Кереку, Қоянды жәрменкелерінде әнші-ақын Иса Байзақов, атақты әнші Әміре Қашаубавпен бірге ән шырқаған.

Белгілі музыкант, этнограф, фольклорист Александр Викторович Затаевич Майраның орындаған 13 әнін жазып алған. Ол ”Майра”, ”Ертіс”, ”Қызыл гүл”, ”Толқыма” «Мақпал», «Бақша», «Көкмайса», «Қарғамау», «Қаракөз», «Баянауыл», «Телқоңыр», «Даланың әні», «Құрбым жай», «Алқарағай көк», «Құсни құрдас», тағы басқа халық арасында кең тараған әндердің авторы. Майраның орындаушылық және композиторлық  шығармашылығы Сары-Арқаның әншілік дәстүрін ілгері дамытты. Майра ескілік әдет-ғұрыптан қол үзіп, өз өнерін профессионалдық дәрежеде меңгерген қазақ әйелдерінің бірі.

Бір экспонаттың тарихы

Молдайып, С. Уақыт талабы осы!: Майра Уәлиқызы атындағы ән және өнер шығармашылық мұражайының ашылғанына - 15 жыл / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2016. - 30 сәуір. - 6 - 7 б.


Байланыс мәліметтері Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражай үйі
Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Ленин көшесі, 135
Музейдің электрондық поштасы: maira_muzei@mail.ru
Байланыс телефоны: (7182) 61-81-36, 32-71-11
Жұмыс уақыты: с  9.00 - 18.00
Демалыс күні - дүйсенбі
Карта

Әдебиет

Майра Шамсутдинованың шығармашылық мұражай-үйі // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. - Алматы, 2013. - 475 б.

Абай, Б. Майра мұражайы ізденіс үстінде: [әнші М. Шамсутдинованың мұражайы] / Б. Абай // Сарыарқа самалы. - 2003. - 22 шілде. - 8 б.

Ақытегі, Н. Жақсының аты өшпейді..: [Павлодар қаласының № 17-ші кітапханасында жерлесіміз, әнші М. Шамсутдинова атындағы ән өнері мұражайының 10 жылдығына арналған "Сарыарқаның бұлбұлы - Майра" атты өнер кеші өтті] / Н. Ақытегі // Сарыарқа самалы. - 2011. - 19 ақпан. - 8 б.

Ермеков, Ж. Тіл тағдыры - аналардың қолында: [әнші М. Шамсутдинова жайлы] / Ж. Ермеков // Сарыарқа самалы. - 2013. - 11 сәуір. - 8 б.

Жұматов, Ғ. Ертістің арғы жағы..: [әнші М. Шамсутдинова туралы әңгіме] / Ғ. Жұматов // Сарыарқа самалы. - 2002. - 26 сәуір. - 4 - 5 б.

Жұматов, Ғ. Майраның портреті: [әнші М. Шамсутдинова жайлы] / Ғ. Жұматов // Сарыарқа самалы. - 2002. - 15 қаңтар. - 8 б.

Иманбаева, А. Керекудің Майрасы: [әнші М. Шамсутдинова жайлы] / А. Иманбаева // Мәдениет. - 2016. - № 4. - 8 - 10 б.

Қоспақов, З. "Әнші Майра": [әнші М. Шамсутдинова туралы жаңа кітап "Әнші Майра" туралы пікір] / З. Қоспақов // Сарыарқа самалы. - 2002. - 8 мамыр. - 7 б.

Мағжан, Г. "Ертістің ерке Майрасы" осындай атпен әдеби-музыкалық кеш өтті: Майра Шамсутдинованың - 120 туғанына жыл / Г. Мағжан // Сарыарқа самалы. - 2010. - 21 қаңтар. - 6 б.

Молдайып, С. Атақты Майраны еске алды: [М. Шамсутдинова атындағы ән-өнер музей үйінде әнші Майраның қайтыс болғанына 61 жыл толуына орай еске алу кеші өтті] / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2008. - 29 қаңтар. - 8 б.

Молдайып, С. Уақыт талабы осы!: Майра Уәлиқызы атындағы ән және өнер шығармашылық мұражайының ашылғанына - 15 жыл / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. - 2016. - 30 сәуір. - 6 - 7 б.

Нұрахметова, Г. Өлке тарихының айнасы: [Павлодар облысының мұражайлары: Г. Н. Потанин атындағы мұражайы; Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық музей үйі; Д. Багаевтың мұражай-үйі] / Г. Нұрахметова // Мәдени мұра. - 2011. - № 4 (шілде - тамыз). - 39 - 46 б.

Хашымқызы, Қ. Күйші Дина: [М. Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражайында күйші, композитор, Қазақ ССР Халық әртісі Д. Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толуына орай кеш өткізді] / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. - 2016. - 30 қаңтар. - 15 б.

Шайхымова, М. Күміс көмей: [әнші М. Шамсутдинованың 125 жылына орай] / М. Шайхымова // Сарыарқа самалы. - 2015. - 26 ақпан. - 12 б.

Шәріпханов, Е. "Асыл мұра - әсем ән": [Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Ж. Аймауытов атындағы театрда әнші М. Шамсутдинованың 125 жылына орай кеш өткізді] / Е. Шәріпханов.//Сарыарқа самалы. - 2015.- 19 наурыз. - 12 б

Яндекс.Метрика